AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың жеке деректерін жұмыс берушілер енді еркін көре алады

Қазақстандықтардың жеке дерегі арнайы сайтта қолжетімді болмақ. Онда азаматтың жеке куәлігінен бастап, бұрынғы қызметінен кету себебі туралы мәліметтерге дейін жазылады. Алайда, ақпаратты кез келген адам алып, оңды-солды қолдана алмайды. Сіз туралы мәлімет тек сіздің рұқсатыңызбен беріледі. Ал, мұндай жаңашылдыққа қатысты халық екі түрлі пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Еңбек министрлігі әзірлеген сайтта жұмысшының жеке куәлігі, білімі, медициналық анықтамалар мен еңбек өтілі туралы ақпараттар болады. Тіпті, вакцина алғаны немесе алмағаны туралы мәлімет те жазылады. Сонымен қатар, жұмыс беруші жаңа қызметкердің бұрынғы жұмысынан не себепті кеткенін де және басқа компанияда қатар қызмет атқарып жүр ме, оны да біле алады.

Алайда бұл деректердің барлығы азаматтың келісімімен ғана көрінеді. Яғни, бір компания қызметкер іздесе, осы сайтқа кіріп, нақты бір тұлға туралы ақпарат алуға өтінім береді. Ізін ала ол азаматқа жеке деректерін сұратып жатқаны туралы СМС хабарлама келеді. Мұндай жаңашылдыққа қатысты халықтың пікірі екіге бөлінді.

Бұл сайтта сіз бен біздің деректеріміз қайдан жүр деген сауал туындайды. Орталықтандырылған платформаға жұмыс беруші әр қызметкерімен жасалған еңбек шартын жүктейді. Осылайша көптеген компаниялар мен кәсіпорындардың мыңдаған жұмысшыларының ісі тіркеледі. Ал сайт мамандары азаматтардың деректері қауіпсіз екенін айтып сендіреді. Яғни, қызметкер туралы ақпаратты кез келген адам сұрата алмайды екен.

“Еңбек шарттарын тіркеу бірыңғай жүйесі ол басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция жасалған. Солардан жеке адам бойынша ақпарат сұратылған кезде, бүкіл басқа ақпараттық жүйелерден сол ақпаратты жинақтап береді. Бірақ ол жайдан-жай бермейді ғой. Оған міндетті түрде жұмысшының келісімі керек”, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ бас сарапшысы Ерболат Исламов.

Қызметкер туралы жеке ісін сұрату функциясының қосылғанына бір-ақ күн болды. Қазірдің өзінде бірнеше жұмыс беруші қызметкерлердің деректерін алдыртуға өтінім беріп үлгерген екен. Бастамашылардың сөзінше, мұндай жаңашылдық екі қолға бір күрек іздегендер мен жұмыс берушілерге де ыңғайлы. Ал, азамат туралы ақпараттың сыртқа тарап кетпеуін уақыт көрсетеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр