Қазақстандықтардың алтын құймаға деген қызығушылығы бір жарым есеге өскен – Ұлттық банк
Ұлттық банк 2022 жылдың мамыр айында қазақстандықтардың алтын құймаға деген қызығушылығы бір жарым есеге дейін өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылдың мамырында банк емес және екінші деңгейшлі банктер жалпы салмағы 92,7 келі болатын 3 316 алтын құйма сатқан", – делінген хабарламада.
Ал сәуір айында жалпы салмағы 61,3 келі болатын 3 698 құйма сатылыпты.
Ақпаратқа сәйкес, құймалардың салмағы 5, 10, 20, 50 және 100 грамм болады. Ең көп сатылатын құйма 10 грамм екен.
2021 жылы жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 32 326 алтын құйма сатылған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр