Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жақсы өмір сүру үшін қанша табыс табуы керек: Еңбек министрі жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда жақсы өмір сүру үшін қанша табыс табу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Светлана Жақыпованың айтуынша, жалақы ең төменгі жалақыдан, яғни 85 000 теңгеден кем болмауы керек. Егер айлығыңыз одан да көп болса, тіпті жақсы дейді ол.

"Төменгі жалақы бұл – төмен білікті еңбекке ақы төлеуді қарастыратын ең аз жалақы стандарты. Яғни адамның қандай да бір құзыреті, дағдылары және білімі болмаған жағдайда ең төменгі жалақы беріледі. Сондықтан біз қазір жаңа стандарттарға көшеміз", – деді министр.

Шенеуніктің айтуынша, бүгінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың табысын арттыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, елде сапалы жұмыс орындары құрылып келеді.

“Әлеуметтік кепілдігіңіз бар, жұмысыңыз тұрақты болғанда, жалақы 251 997 теңгеден төмен болмағанда жағдай жақсарады. Барлық жұмыс беруші осы критерийлерге сай болуы керек", – деп қосты Светлана Жақыпова.

Талқылау