Қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат беретін бағдарлама қосылуға жақын

Қазақстан EPS жүйесі бойынша Оңтүстік Кореяда азаматтарды заңды түрде жұмысқа орналастыру бағытында ілгерілеп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанды оңтүстіккореялық Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосу бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұл бағдарлама шетел азаматтарына Корея Республикасында жұмыс күші тапшы салаларда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
“EPS-ке қосылу үш кезеңнен тұрады. Қазақстан бірінші кезеңді – ішкі мемлекеттік келісімді сәтті аяқтады. Қазір еліміз екінші кезеңде – EPS орталығын ашуға арналған нысандармен танысу үстінде. Осы кезеңнің нәтижелері түпкілікті шешім қабылдау кезінде ескеріледі”, – делінген министрлік хабарламасында.
Еңбек министрі Асқарбек Ертаев EPS жүйесіне қосылу қазақстандықтарға барлық әлеуметтік және еңбек құқықтарын сақтай отырып, шетелде ресми жұмысқа орналасуға қосымша мүмкіндіктер беретінін атап өтті.
“Мұндай халықаралық уағдаластықтар заңсыз көші-қон тәуекелдерін азайтуға, азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және еңбек көші-қонының басқарылатын арналарын құруға мүмкіндік береді. Шетелде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат migration.enbek.kz порталында орналастырылған”, – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істейтін қазақстандықтарға жоғары жалақы уәде етілгені туралы жазған едік.
Қазақстанда сергек жүргізушілерді полициямен келісіп әрекет етті деп айыптады: Бұл схема қалай жұмыс істейді
Сергек жүргізуші алыста тұрғанын айтып, мас қызға рөлге отырып, сәл жақындауын өтінген
Жүрегін ауыстырған қазақстандық өз донорын түсінде көріп, қызына сәлемін жеткізген
Кейіпкер: “Халықтан жинаған 7 милллион теңге отаға қажет болмай қалды”