Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 2025 жылы қай елдерге визасыз бара алады

2025 жылы қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер тізімі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Қазақстан азаматтары визасыз жүре алатын елдердің тізімі жыл сайын ұзарып келеді. 2024 жыл елімізге жаңа жағымды өзгерістер әкелді. Мәселен, Қазақстан Макао, Вьетнам және Таиландпен визасыз келісімдер жасады. Бұл елдерде визасыз жүру мерзімі 60 күнге дейін ұзартылды.

Сондай-ақ қаңтар айында Қазақстан Сент-Китс және Невиспен визасыз келісімге қол қойды. Ол қазақстандық ұлттық төлқұжат иелеріне виза талап етпейтін 40-ел болды. Алайда ол әлі күшіне енген жоқ.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Мароккомен визасыз режим басталады. Бұл қазақстандықтардың елде 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік береді.



Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сай, қазақстандық төлқұжат әлемнің түрлі елдеріне еркін жүріп-тұруға жол ашады. 

Қазақстандықтар келесі елдерге 14 күнге дейін визасыз бара алады:

  • Гонконг;
  • Оман;
  • Иран;
  • Макао.

Қазақстан азаматтары келесі елдерде 30 күн жүрсе де виза талап етпейді:

  • Аргентина;
  • Әзірбайжан;
  • Бразилия;
  • Вьетнам;
  • Доминикан республикасы;
  • Қатар;
  • Қытай;
  • Оңтүстік Корея (Korea Electronic Travel Authorization (K-ETA) жүйесі 01.04.2022 жылдан бастап жұмыс істеп келеді);
  • Куба;
  • Малайзия (кіру үшін MDAC электрондық көші-қон картасы қажет, оны кіруге дейін 3 күн бұрын толтыруға болады);
  • Мальдив Республикасы;
  • Никарагуа;
  • Намибия;
  • БАӘ;
  • Сан-Марино;
  • Сейшель аралдары;
  • Сербия;
  • Тунис;
  • Филиппин;
  • Эквадор.

Барбадос елінде визасыз тұрудың максималды ұзақтығы 28 күнге дейін екенін ескеріңіз.

Сондай-ақ қазақстандықтар бірнеше елге 60 күнге дейін визасыз бара алады:

  • Таиланд – визасыз режимнің мерзімі ұзартылды;
  • Доминикан Республикасы – "визасыз" тек туристік мақсаттар үшін жарамды.

90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарлар үшін мыналар қолайлы:

  • Албания;
  • Андорра;
  • Гаити;
  • Колумбия;
  • Молдова;
  • Моңғолия;
  • Ресей;
  • Түркия;
  • Украина.

Дегенмен Қазақстан азаматтарының Түркияда жүруі алты айда 90 күннен аспауы керек екенін есте ұстаған жөн.

Визасыз жүру ұзақтығы бойынша жетекші елдер:

  • Грузия – бір жылға дейін;
  • Армения – алты айға дейін;
  • Сент-Винсент және Гренадин аралдары – алты айға дейін

Сондай-ақ келу кезінде виза алуға болатын бірнеше елдер бар:

  • Замбия;
  • Индонезия;
  • Маврикий.

Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан сияқты ТМД елдерінде 30 күн болғаннан кейін көші-қон органдарында тіркелу қажет.

Өзбекстанда мұндай тіркеу 5 күннен кейін қажет болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Марокко өзара визасыз режим енгізгені туралы жазған едік. 

Талқылау