Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жетім балаларды шетелдіктердің асырап алуына тыйым салуға үндейтін петиция басталды

Қазақстандықтар асырап алу мақсатында жетім балаларды шетелге жіберуге тыйым салуға шақырып, петиция бастады. Автор елден кеткен балалар өз отанына пайда әкелуі мүмкін деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде шетелдіктерге қазақстандық балаларды асырап алуға тыйым салу туралы петиция пайда болды. Дәлел ретінде автор Дина Садердинова балалар тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қайғылы жағдайлар туралы мәліметтерді көрсетті. Петицияға екі жарым мыңға жуық адам қол қойып үлгерген.

Арна тілшілері азаматтардан осы мәселеге байланысты сауалнама жүргізді. Белгілі болғандай, адамдардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды.

Бірақ Қазақстан Заңы бойынша халықаралық асырап алуға еліміздегі әлеуетті ата-аналар бірнеше рет бас тартқан балалар ғана берілетінін көбі біле бермейді. Бұл балалрдың басым көпшілігі ауыр дертке шалдыққандар, олар мамандандырылған мектеп-интернаттарда тұрады. Ал ол жерде балалрдың толыққанды өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ екені жасырын емес, дейді дағдарыс орталықтары одағының төрағасы Зульфия Байсақова.

"Толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ету үшін баланы толық асырауға алуға дайын. Мүмкін оған қандай да бір хирургиялық көмек көрсетеді", - деді Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы басқармасының төрайымы Зульфия Байсақова.

Бес жыл бұрын халықаралық бала асырап алу ережелері барынша күшейтілді. Енді баланың тағдырына жаңа ата-анасы ғана емес, екі елдің үкіметтері де жауап береді.

"Халықаралық бала асырап алу бойынша асырап алынған барлық балалар бізге жыл сайын, алғашқы үш жылда екі рет, содан кейін жыл сайын есеп жібереді. Есептер жай ғана қағаз. Бұл консулдық қызметтер арқылы өтеді", - деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Соңғы 20 жыл ішінде шетелдіктер Қазақстаннан тоғыз мың баланы асырап алған. 2019 жылы сегіз бала шетелге кетті. Ал былтыр халықаралық бала асырап алушылардың барлық құжаттары қараусыз қалған. 

Талқылау