Қазақстандық теннисші спортқа қайта оралатынын мәлімдеді
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

29 жастағы Зарина Дияс соңғы 1,5 жылда тек 2 матч қана өткізген. Australian Open-2022 жарысының алғашқы айналымында ол отандасы Елена Рыбакинаға есе жіберген еді. Ал Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалды.
Ұзаққа созылған жарақатына байланысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа орала алмай жүрген болатын.
"Достар, бәріңізге сәлем! Мен әлі қалпыма келіп жатырмын. Көгалдағы маусымда ораламын ба деп едім, өкінішке қарай, қалпыма келуге көп уақыт кетті. Бәріңізге мәлім, мен иығымнан жарақат алғанмын. Бәрі ойдағыдай жүріп жатыр, хард төсенішінде АҚШ-та өтетін жарыстарға (шілденің аяғы) қосыламын ба деп отырмын", – деп жазды Зарина Instagram парақшасында.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

