Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Америкадағы турнирді сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Американың Шампейн қаласындағы Челленджерді жеңіспен бастады. Қазақстандық теннисші бірінші кезеңдегі Ұлыбритания өкілі 18-жасар Энри Сирлге қарсы өнер көрсетіп, 6:3, 7:6 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Осы ойында жеңіске жеткен Жукаев келесі айналымда Брасвелл – Жанг жұбында үздік шыққан теннисшімен күш байқасады.
Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Жұқаев Алматыда өткен ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен еді.
Талқылау

