2025 жылы қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2025 жылы Қазақстанда әлеуметтік салаға 9,8 триллион теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ келер жылы білім беру саласына 1 триллион теңге қаражат бөлінетінін атап өтті. Осылайша қазақстандық студенттердің де шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com
“Келер жылы білім беруді дамытуға 1 триллион теңге бөлінеді. 2025 жылы білім беру саласына бөлінетін қаражат биылмен салыстырғанда 116 миллиард теңгеге көп”, – деді Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы.
Шығындардың өсуіне мыналар себеп:
- ЖОО студенттерінің шәкіртақы көлемі орта есеппен 15-20% артады. Нәтижесінде бакалавриат студенттері үшін орташа шәкіртақы мөлшері 52 372 теңге болса, магистранттар 117 098 теңге стипендия алады.
- "АМАНАТ" партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға жоспарланған гранттар санын арттыру. Нәтижесінде 78 мыңға жуық жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады.
- ЖОО студенттеріне жеңілдікпен жол жүру ақысын арттыру. Бір студенттің жеңілдетілген жол жүру ақысы 15 728 теңге болады.
- Ғылыми атақтары үшін қосымша төлемдердің белгіленуіне байланысты ғалымдардың еңбекақысын арттыру.
Бұған дейін 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өсетіні туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады