Қазақстандық спортшының салмақ қуу кезінде бүйрегі істемей қалған
Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек АСА 119 турнирінде жекпе-жек өткізбейді. Бұл туралы ресейлік ұйым хабарлады.

Жеңіл салмақ дәрежесінде (62 келі) өнер көрсететін Қаршыға Дәуітбек ACA 119 турнирінде ресейлік файтер Никита Чистяковпен (11-6-1) кездесуі қажет еді. Алайда қазақстандық файтер белгіленген салмақтан асып кетіп, жекпе-жекке жіберілмеді. Салмақ қуу кезінде Қаршыға Дәуітбектің екі бірдей бүйрегі дұрыс істемей қалған.
Айта кетейік, Қаршыға Дәуітбек соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда Alash Pride Grand Prix турнирі аясында өткізді. Онда төрешілер шешімімен қырғызстандық Тұрғанәлі Абдуллаевты жеңді
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"