Қазақстандық спортшы UFC-де жекпе-жекке шықпақ
Қазақстандық жауынгер Николай Веретенников UFC турниріне төрт күн қалғанда жекпе-жекке ұсыныс алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Николай Веретенников 22 ақпанда АҚШ-тың Сиэтл қаласында UFC Fight Night 252 турнирінде жекпе-жекке шақырту алды. FULL SEND MMA мәліметінше, оның қарсыласы АҚШ-тан келген "Джентльмен" лақап атты Остин Вандерфорд (12-2) болады. Жекпе-жек 79 келі салмақта өтеді.
Бастапқыда Веретенников 15 ақпанда Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 102 турнирінің аясында америкалық Билли Гоффпен жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда Гофф осы турнирде Сиэтлде басқа жекпе-жекке тағайындалды.
35 жастағы Веретенников 2024 жылдың шілде айының соңында UFC-мен келісімшартқа қол қойды. 10 тамызда ол қысқа мерзімді ескертумен америкалық Дэнни Барлоуға (9-0) қарсы жекпе-жек өткізді. Бұл кездесуде Николай төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

