Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы дзюдодан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

Әділет алмат

Қазақстандық дзюдошы, 21 жастағы Әділет Алмат Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде үздік шықты. Әділет 81 келіге дейінгі салмақта финалда әзірбайжандық Галандарзаде Вусалмен белдесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Вусал да 21 жаста. Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездескен. Есеп – 1:1. Бұл жолы алдымен Вусал юко әдісімен алға кетті. Дегенмен Әділет Г. Вусалды әуелі вазариге түсіріп, сосын ұстау әдісімен таза жеңді. 

Осылайша, Әділет Алмат спорттық жолындағы ең үлкен табысына қол жеткізді. Ол финалға дейін іріктеуде Молдова, Бразилия, Эстония дзюдошыларынан айласын асырды. Ширек финалда тағы бір әзербайжандық Омар Ражаблиді қапы қалдырды. Ал жартылай финалда Груичич Василиені тізе бүктірді. 

Сөйтіп қазіргі кезде Қазақстан қоржынында екі медаль бар. Жарыстың алғашқы күні 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Шерзод Давлатов қола жүлдеге қола жеткізген болатын. 

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Наурыз, 2026 08:41