Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үздік бестікке енді

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров сынға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол ерлер арасындағы қысқа бағдарлама бойынша 92,94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады. Осы нәтижесі арқылы ол үздік 24 спортшының қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алды. Алайда үшінші орындағы француз спортшысынан 10 ұпайға қалып қойды.
Қысқа бағдарламаның үздік нәтижелері (29 қатысушы):
Илья Малинин (АҚШ) – 108,16 ұпай
Юма Кагияма (Жапония) – 103,07 ұпай
Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 102,55 ұпай (жеке рекорд)
Даниэль Грассль (Италия) – 93,46 ұпай
Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 92,94 ұпай
Ерлер арасындағы шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров – әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған. Сонымен қатар Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде иеленіп, араға 10 жыл салып марқұм Денис Теннің тарихи жетістігін қайталады.
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Қазақстанға 2029 жылғы Азия ойындарын өткізудің пайдасы бар ма?