Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыздар Бахрейн, Түркия, БАӘ-де жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүр болған 

Бүгінде қыздарды жеңіл жүріске итермелеген қылмыстық топ ұсталып, олардан зардап шеккен 39 азаматша елге оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі таңда адам саудасы қылмысына қатысты ішкі істер органы қызметкерлері 133 қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның ішінде 48 адам қылмыстық жауапқа тартылуда. Қылмыстық іс бойынша біздің азаматтар Бахрейн корольдігінде жезөкшелікпен айналысуға тартылған. Аталған іс бойынша ҚР ішкі істер органдары, Интерпол, Прокуратура және Бахрейн корольдігі мен Ресейдің құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеді. Анықталғандай 2016-2020 жылдары қылмыстық топ біздің елімізде қыздарды жеңіл жүріске итермелеген және ол үшін Бахрейн корольдігіне жіберген", - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, бүгінде зардап шеккен 39 адам анықталды. Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары. 

"Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша 19 күдікті анықталып, үшеуіне іздеу салынды. Одан бөлек, соңғы екі апта көлемінде заңсыз қылмыстық бизнеске тартылған 6 Қазақстан азаматының мекені анықталды. Ішкі істер органдары мен Бас прокуратураның бірлескен әрекетінің нәтижесінде жеңіл жүріске салынған қыздар Бахрейн корольдігі, Түркия және БАӘ-нен елге оралды. Сонымен қатар, трансұлттық қылмыстық топтық ұйымын құрғаны және жетекшілік еткені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалды. Жақын уақытта қылмыстық тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіледі", - деді ол. 


 

Талқылау