Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық киберспортшы халықаралық турнирде топ жарып, 1 млн АҚШ долларын жеңіп алды

Фото:HLTV.org

Қазақстандық киберспортшы, 20 жастағы Данил Голубенко Қытайда өткен халықаралық IEM Chengdu турнирінде топ жарып, 1 миллион АҚШ долларын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл дегеніміз шамамен 524 миллион теңгені құрайды.

Данил жарыс барысында жоғары шеберлік көрсетіп, турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атағына да қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін, қыркүйек айында өткен Fissure Playground 2 турнирінде де Голубенко чемпион атанып, үздік ойыншы атағын иеленген еді. Осылайша, ол бір жыл ішінде екі ірі халықаралық турнирде қатарынан MVP атанып отыр. Бұл — киберспорт әлемінде сирек кездесетін жетістік.

Данил Голубенко Семей қаласының тумасы. Ол барған әр жарысында Қазақстанның көк туын өзімен бірге алып жүреді. 

Ол 2024 жылдың 8 қаңтарында  ТМД-ға танымал АМКАЛ командасына қосылды. Сербияда өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынында ол интернеттің төмен пингімен (100-ден аз) ойнап, өз шеберлігімен шетелдік ойыншыларды таңғалдырды.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 21:35
Талқылау