Қазақстандық гимнастар Ташкентте өткен әлем кубогында екі медаль алды
Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен көркем гимнастикадан әлем кубогында екі марапатқа ие болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан командалық жарыстарда күміс және қола медаль иеленді.
Алдымен қазақстандық гимнасттар төрешілерден 28,15 ұпай жинап, финалдық жаттығуларда екінші орынға ие болды. Қытай командасы басым болды. Қазақстанның намысын Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева және Ақсұңқар Әбдірахман қорғады.
Содан кейін қазақстандық команда үш лентамен және екі доппен 26,15 ұпай жинап, әлем кубогының қола жүлдегері атанды. Мұнда да Қытай құрамасы (27,20) жеңіп, екінші орынды Германия өкілдері (27,00) иеленді.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады

