Қазақстандық файтер Арман Әшімов қарсыласын нокаутпен құлатты (видео)
Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турнирі өтті. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов (12-3-1) екі жылдан кейін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол әзербайжандық Серхан Валилимен (6-3-1-1) жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақтағы тартыс үш раундқа есептелген. Алайда Әшімов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Арман қарсыласының бауырынан ұрып құлатты.
Бұл оның ММА-дегі кәсіпқой карьерасында 12-ші жеңісі. Сонымен қатар 3 рет жеңіліп, бір рет тең түскен. Соңғы рет октагонға 2019 жылы тамызда шыққан.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"