Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетудің медициналық белгілері аталды

Қазақстандық әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету кезінде экономикадан бөлек, денсаулық факторына да көңіл бөлу керек. Себебі көп әйелдің медциналық көмекке дер кезінде жүгінуге мүмкіндігі жоқ дейді Қоғамдық бақылау және мониторинг қоғамдық ұйым өкілі Саида Таукелева, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық құқық бойынша маман зейнетке ерте шығудың медициналық белгілері туралы айтты.

“45 жастан бастап әйелдерде климакс, яғни гормоналды ауытқу басталады. Онымен бірге денсаулыққа қатысты мәселелер туындайды. Жұмыс өнімділігі төмендейді, ұйқы сапасы нашарлайды. Одан бөлек қан-тамыр аурулары, альцгеймердің туындау мүмкіндігі арта түседі, остеопорозға шалдығу мүмкіндігі көбейеді. Дәрігерлердің сөзінше, жұмыс тиімділігі 30-35 пайызға төмендейді”, – дейді Таукелева.

Айтуынша, осы жастағы әйелдердің дәрігерлерге жүгінуі көбейе түскен.

“Жұмыста жүрген әйел денсаулығына көңіл бөле алмайды, тіпті аурулардың соңғы деңгейіне дейін өтіп кету ықтималдығы артады. Сондықтан әйел зейнетке шыққанда қиын салдарға тап болады. Офтольмолог, гинеколог, кардиолог, невропотологтар бір ауыздан әрбір он жыл сайын адам ағзасы қартайып жатқанын айтуда”, – дейді ол. 

Талқылау