Қазақстандық әйел Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады – БАҚ
Оңтүстік кореялық БАҚ 50 жастағы қазақстандық әйелдің пышақпен автобус жүргізушісіне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Insight.co.kr басылымының дерегіне сүйенсек оқиға Кенбу қаласындағы автомагистральде болған.
50 жастағы әйел 10 тамызда Сеулдегі Сеочо полиция учаскесіне шабуыл жасады деген күдікпен жеткізілген.
Полиция мәліметінше, қазақстандық әйел туристік автобустың терезе тазалағышын сындырмақ болған. Автобус Ханнам көпірі арқылы Кенбуден Сеочуге жол тартқан.
Әйелді тоқтату үшін жүргізуші автобустан шыққанда пышақпен шабуыл жасап қашып кеткен. 11 минуттан соң әйел ұсталыпты.
Қазіргі уақытта полиция әйелдің мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Кореяның Инчхон әуежайынан қашып кеткен екі Қазақстан азаматына 1 миллион теңге айыппұл салынған еді.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"