Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ірі букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылып, айыппұл арқалады

Мемлекеттік кірістер комитетінің өтініші негізінде туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы сәуірде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ойын бизнесі саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін “Ringobet.kz” букмекерлік кеңсесін лицензиясынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gearmix.ru

Букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылып қана қоймай, заң бұзғаны үшін оған айыппұл салынды.

"Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының бәсті қабылдау сервері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бойынша болу керек. Кезектен тыс тексеру барысында жоғарыдағы заң талаптарын бұзған бірнеше дерек анықталды. Сонымен қатар букмекерлік кеңсенің қызметі туралы лицензия алған кезде жалған ақпарат берілген”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Осыған байланысты аталған букмекерлік кеңсе "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 464-бабының 1 және 2-тармақтары бойынша жалпы сомасы 849 мың теңге көлемінде айыппұл негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды.

Министрлік өкілдері ойын бизнесі және мемлекет мүдделерін қорғау саласындағы құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастыратынын қосып өтті. 

Талқылау