Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид көбейген: Министр себебін айтты
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылы Қазақстанда 248 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттің негізгі себептерін тізіп берді.
“Үш жағдайдан біреуі туыстарымен келіспеушіліктен өзіне қол салады. Жалғыздықты сезіну салдарынан суицидке баратындар 12 пайыз, достарымен қарым-қатынастың үзілуіне байланысты – 10 пайыз, оқу орнындағы жанжалдар, қаржылық жағдайы нашар болуына байланысты өзіне қол жұмссайтындар саны – 3 пайызды құрайды. Биыл суицидке 248 әрекет жасалды. 164 кәмелетке толмаған балалар құтқарылды. Өкінішке қарай, 84-і көз жұмды", – деді Тұрғымбаев.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды