Қазақстанда жаңа көліктер бір жылда 10%-ға қымбаттаған
Қазақстанда жаңа көліктер 1 жылда 12 пайызға өсті. Бұл – ел автопаркіндегі жалпы көліктердің 14 пайызға жуығын құрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда ел жолдарында жүрген ескі көліктер әлі деп көп: автопарктің жартысындағы көліктердің жүргеніне 20 жылдан асып кеткен. Жасы 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктер жыл басында жалпы парктің 63,4%-ын құрады. Бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 64,5% еді.
Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5%-ға аз, яғни 2,4 млн автокөлік. Осы ретте жаңа автокөліктердің үлесі (үш жылдан аз) бір жылда 12%-дан 13,6%-ға жеткен. Яғни 516,8 мың "темір тұлпар". Қазақстан жолдарында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны бір жылда 1,9%-ға азайып, 2022 жылдың басына қарай 3,8 млн-ды құраған.
"Беларусьтен, тіпті Аргентинадан келеді": Неге Қазақстан өз етімен өзін толық қамтамасыз ете алмай, шетелден ет сатып алады?
2025 жылғы еттің отандық өндірістегі көлемі орасан
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған