Қазақстанда жамағатпен бірге далада намаз оқуға рұқсат етілді
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулысы жарыққа шықты. Қаулығы сәйкес 3 мамырдан бастап діни орындарда ашық аспан астында жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.
Мешіттерде, шіркеулер мен басқа да діни орындарда ұжымдық діни іс-шаралар маска режиміне және төрт метр әлеуметтік арақашықтық сақтай отырып өтілуі тиіс.
Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының бірінші күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, ел мұсылмандары жұма намазын асыға күтетіндігін айтты.
Содан кейін мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, мешіттер көп ұзамай құлшылық ету үшін ашатылатынын айтқан болатын.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн