Қазақстанға танымал түрік актері Кенан Имирзалыоғлы сүйіктісіне үйлену ұсынысын жасады
Hurriyet.com-ның хабарлауынша, Кенан Имирзалыоғлы үйлену ұсынысын Жаңа жыл кешінде жасаған. Сценарист әрі актриса Синем Кобал да бұл ұсынысты қабыл алыпты.
Романтикалық ұсыныстан кейін ғашықтар Африка сапарына аттанды. Демылыстан келген соң Имирзалыоғлы Синем Кобалға құда түспек. Айта кетейік, бұл екі жұлдызды актер қазақстандық көрермендерге таныс. Кенан Имирзалыоғлы ең алғаш рет «Асау жүрек» («Deli Yürek») телехикаясында Юсуф Мироғлы рөлімен қазақстандықтардың көңілінен орын алса, Синем Кобал «Сырлы Ыстамбұл» («Küçük Sırlar») атты телехикаядағы Су Мабенджи рөлімен белгілі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады


