Қазақстанда шетелдіктерді қосылған құн салығынан босататын пилоттық жобаның уақыты ұзартылмақ
Қазақстан шетел азаматтарына тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын қайтаруды көздейтін Tax Free жобасын мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасын мемлекеттік кірістер комитеті "Ашық НҚА" порталында орналастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қазақстанда Tax Free режимі 2019 жылғы 15 тамыздан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің талқылауына ұсынылған бұйрық аясында оны 2025 жылдың 31 желтоқсанына ұзартпақ.
Бүгінде жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Ол ЕАЭО кедендік аумағынан тыс тауарларды экспорттау кезінде шетелдік туристерге қосылған құн салығын қайтаруды қарастырады. Ол үшін сауда көлемі 20 АЕК-тен (73 840 теңге) жоғары болуы тиіс.
Пилоттық жобаның мәні туризмді дамытып, шетелдік туристерді тарту арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің айналымын арттыруда. Ол нәтижелі көрсеткішке ие болды.
Бұйрық жобасы 18 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін ашық болады.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан