AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда саяси партияларды тіркеу жеңілдетіледі

Қазақстанда партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл туралы vемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Ал өңірлердегі өкілдердің саны үш есеге төмендеп – 600-ден 200 адамға дейін азайтылады. Партияны құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны 1000 адамнан 700-ге дейін азайтылады", - деді мемлекет басшысы.



Оның айтуына қарағанда, бұл - қабілетті саяси партиялардың пайда болуына мүмкіндік беретін қадам.

"Құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады", - деді Мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр