AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда QazVac вакцинасының клиникалық зерттеулері сәтті өтті

Қазақстанда QazVac коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі аяқталды. Нәтижелері кем дегенде алты айдан кейін белгілі болады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үшінші кезең бойынша барлық клиникалық зерттеу аяқталды. 9 шілдеде соңғы талдаулар жиналды. Шілде айының соңына дейін деректердің үлкен көлемін өңдеу, статистикалық талдау жүргізілді. Қорытынды есепті шілде айының соңында дайындады, ол Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына жіберілді", – деп хабарлады Күнсұлу Закария ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айтуынша, есеп әлі де сараптамадан өтуде. Алғашқы Қазақстандық QazVac вакцинасының клиникалық зерттеулері сәтті өткен. Енді қазақстандық ғалымдар қазақстандық ғылымның жетістігін көрсету үшін кезекті жетекші жоғары рейтингті журналға мақаласын дайындай бастайды.


"Коронавирусқа қарсы вакцинацияланған": Өскеменде мектеп вахтасының қызметкері көлік ұтып алды 


"Мұндай мақалалар бірден жарияланып кетпейді. Дәл қазір журналға жібере алмаймыз. Біз сараптама алғаннан кейін сараптама қорытындысы туралы шешімді журналдың редакциясына жібереміз. Шамамен, жылдың соңында немесе келесі жылдың басында келесі мақаланы жариялаймыз. Жоғары рейтингті журнал беделіне сай жұмыс істейді. Олар біздің мақалаларымызда алған деректерді толығымен растауы керек. Сондықтан мақалаларды қарау процесі ұзақ. Бірақ COVID тақырыбы қазір өзекті болғандықтан, біз алты ай ішінде келесі мақаламыз жарияланады деп ойлаймыз”, – дейді Күнсұлу Закария.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр