Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері өсті
Еңбек министрлігінің деректері бойынша 2023 жылы 1 ақпандағы есеп бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 120 659 теңге, оның ішінде зейнет жасына қатысты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері 11 898 теңгеге өсті.
2023 жылдың қаңтарында республикалық бюджеттен 274,1 млрд теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 84,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 189,9 млрд теңге бөлінген.
2023 жылы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адам.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”