Қазақстанда мешіттер Қадір түнінде қалай жұмыс істейді?
Мешіттер Қадір түнінде қалай жұмыс істейді? Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коронавирустық пандемияға байланысты қалалар үш аймаққа бөлінді: қызыл, сары, жасыл. Қазір жамағатпен намаз мешітте оқылмайды. Алайда, Қадір түніне дейін қаламыз "жасыл аймаққа" ауысса, жамағатпен бірге намазды оқуға мүмкіндік аламыз", - деп түсіндірді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти сонымен бірге "сары аймақта" орналасқан мешіттерде бес рет намаз оқуға рұқсат етілгенін, бірақ жұма намазын оқуға болмайтынын айтты. Тарауих дұғалары қысқа оқылады. Ал "жасыл аймақта" бес рет намаз, жұма намазы, тарауих намазын оқуға рұқсат етілген.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады