Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті басқарғандар жүргізуші куәлігінен айырылады

 

Көлігін бірінші ескертуден кейін де мемлекеттік нөмірсіз жүргізгендер азаматтар жүргізуші куәлігінен айырылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер 11 қыркүйектен бастап күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

көлік

Бұдан былай мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті қайта басқарғандар 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 61 мың теңге айыппұл төлейді немесе бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Сонымен қатар жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірі бар көлік айдағандар үшін айыппұл түріндегі жаза алынып тасталады. Оның орнына бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу енгізілді. Ал құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағандар үшін айыппұл 30 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті және 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады. Егер мұндай әрекет тағы қайталанса, 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Айта кетейік, елімізде көлікті мас күйінде немесе есірткі қолданып жүргізгендер мен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен азаматтар да жүргізуші куәлігінен айырылады. 

Талқылау