Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мекемлекеттен 12,7 миллион теңгеге дейін бір реттік төлемді қалай алуға болады: Жемқорлық туралы мәлімет үшін қанша төлейді

Қазақстандықтар мемлекеттен тегін 12 720 000 теңгеге дейін ала алады. Бұл үшін маңызды ақпаратты ұсынса жеткілікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап. 

пара

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыс туралы ақпарат үшін ақшалай сыйақы беруге уәде етеді. Сонымен қатар жемқорлық туралы хабарлаған азаматтың аты-жөні жария етілмейді. 

Агенттік мәліметінше, төлемді жемқорлық туралы, пара алып, іздеуде жүрген азамат туралы, қылмысты ашуда көмегін тигізетін ақпараттарды ұсынғандар ала алады. 

Жемқорлыққа қатысты қылмыс туралы шынайы ақпарат үшін қазақстандықтар 30–4 000 АЕК (95 400 теңгеден 12 720 000 теңгеге дейін) көлемінде бір реттік төлем ала алады. 

Ал төлем мөлшерін белгілеуде өзіндік талаптары бар. Мысалы, агенттікке хабарланған пара немесе қылмыстың шығын көлемі 1 000 АЕК-тен аспайтын болса, төлем келесідей болады:

  • Әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (95 400 теңге);
  • Қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (127 200 теңге);
  • Ауырлығы орта деңгейдегі қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (159 000 теңге);
  • Ауыр қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (222 600 теңге);
  • Аса ауыр қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (318 000 теңге).

Егер параның немесе келтірілген шығын көлемі 1 000 АЕК-тен көп болса, сыйақы ретінде 10%-ын аласыз. Ал максималды төлем мөлшері 4 000 АЕК немесе 12 720 000 теңге. 

"Төлем соттың әкімшілік шара немесе үкімі заңды күшіне енген соң төленеді. Сонымен қатар қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылса, төлем төленеді", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер. 

Төлем алу үшін қайда жүгіну керек?

Сіз ұсынған ақпарат рас болып, сот аяқталса, қылмыстық істі ашуға көмектескен органға жүгініп, арыз жазу арқылы төлем ала аласыз. Арызға жеке куәлік көшірмесі мен банк реквизиттерін қосу керек. 

Егер сіздің ақпаратыңыз бойынша бірнеше қылмыс ашылса, төлем ең ауыр қылмыс үшін және бір рет беріледі. 
Қылмыс туралы ақпарат ұсыну үшін 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call-орталығына қоңырау шалуға болады. 

"Маңызды! Сall-орталықта сіз туралы мәліметті жазып алады, бұл ақпарат рас болғанда ақшалай төлем ала алу үшін керек. Әрі сіз туралы мәліметтің жасырын болатынына кепілдік беріледі", – деп қосты агенттіктегілер.

Талқылау