Қазақстанда көппәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау қарастырылуда
Қазақстанда көппәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығы алынып тастау туралы туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әдіснама департаментінің директоры Дәулет Жарылғасынов айтты.

«Бұл салық сомасының мардымсыздығына және әкімшілік шығындардың көптігіне, нысандардың көптігіне және есептеудің күрделілігіне байланысты», - деп түсіндірді Дәулет Жарылғасынов.
Оның айтуынша, мұндай жаңашылдықтар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасында қарастырылған.
Бұған дейін Қазақстан жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеуді кейінге қалдыруға ниетті екендігі туралы хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз: Ақша аударымдары үшін салық өндіріле ме? Қаржы министрі жауап берді >>>
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды