Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ипотеканы бір тәулік ішінде алуға болады

Freedom Finance Bank банк қазақстандық нарық үшін бірегей кредиттік өнім — сандық ипотеканы іске қосқалы жатыр. Цифрлық ипотека ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында мүмкін болды.

Freedom Finance Bank жаңа цифрлық ипотекасы банк бөлімшесіне келіп, құжаттарды жинамай-ақ, онлайн — бағалау жасауға және минуттар  ішінде шешім алуға мүмкіндік береді – клиент тек ЖСН мен телефон нөмірін көрсетеді. Пәтерді сатып алудың барлық үдерісі бір тәулікке созылады — онлайн-өтінімді беру арқылы клиент бүгін не болмаса ертең тұрғын үйдің иесі бола алады, оған ХҚКО-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығына) барудың қажеті жоқ.

Сатып алушы мен сатушының барлық дерлік кезеңдері банк қызметкерлерімен тікелей байланыссыз өтеді. Қазір онлайн режиміне көшіруге болмайтын бір кезең — бұл нотариуста сатып алу-сату шартын тіркеу, Қазақстанның заңнамасы бұл жерде жеке қатысуды талап етеді. Бірақ бұл жерде де біз процесті жеңілдеттік – біз нотариустың жеке кабинетін құрдық, тіркеуге дайын шарттардың шаблондары толтырылған, сатып алушы мен сатушыдан нотариуспен кездесу 30 минутты алады.

Соңғы сатып алушы тұрғын үйдің оған рәсімделгені туралы, ал сатушы — ақша ол үшін ашылған банктік шотқа түскені туралы SMS алады. Сатып алушыны одан әрі күтетін жалғыз әрекет – бұл қоныс тойын көңілді өткізу.

Шарттар

Бүгін біз Алматы мен Нұр-Сұлтанда  іске қосылып, азаматтарға қайталама тұрғын үй нарығындағы кез келген пәтерді сатып алуға мүмкіндік береміз. Алғашқы клиенттер біздің жаңа өнімді пайдалануға қызығушылық танытуы үшін біз оны ерекше шарттарда іске қосамыз.

  • Кредиттеу мөлшерлемесі: 10,5% бастап (ЖТСМ 11%);
  • Қарыз мерзімі: 3 жылдан 15 жылға дейін;
  • Қарыз сомасы: 3 000 000 теңгеден бастап;
  • Бастапқы жарна: 20% бастап.

Ипотека алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Сайтта өтінім беріп, банктің қадамдарын орындау жеткілікті.

Спикерлер: Freedom Holding Corp холдингінің негізін қалаушы ТИМУР ТУРЛОВ және Freedom Finance Bank директорлар кеңесі жанындағы кеңесші АЙДОС ЖҰМАҒҰЛОВ. Сондай — ақ іс-шараға Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі БАҒДАТ МУСИН қатысты, ол осындай жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымды дайындау туралы айтты. Сондай-ақ баспасөз конференциясына Қазақстандық тұрғын үй компаниясының басқарма төрағасы РУСТАМ ИСАЕВ пен қазақстандық Тұрақтылық Қоры Басқарма төрағасының орынбасары РУСТЕМ КЫДЫКОВ қатысты. Және де "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы ӘДІЛ КОЖИХОВ.

"Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ — Freedom Finance тобының Банкі, жүйе құраушы инвестициялық компания, 7 елде: Қазақстан, Ресей, Германия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Кипрде ұсынылған. 2021 жылға дейін банк "Kassa Nova Bank" бренді болып жұмыс істеді.

 

Талқылау