Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді алимент төлемей жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады

Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Министрліктің дерегінше, 4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, "Борышкер" рейдтік шарасын жүргізген.

Осылайша, 857 мың 160 теңге, 1 миллион 518 мың 626 теңге, 2 миллион 483 мың 773 теңге, 2 миллион 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады, – деп жазылған Әділет министрлігі таратқан хабарламада.



Айта кетейік, таяуда борышкерлердің мүлкін өндіріп алу жұмысы жалғасады.

Еске салайық, Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі өңірде 68 жастағы зейнеткер өзінің ересек ұлынан алимент өндіру туралы арызбен сотқа жүгінгенін мәлім етті.

Талқылау