Қазақстанда екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады
Қазақстанда екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы рекордтық деңгейде қымбаттауда. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Статистика бюросының мәліметінше, бір шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға өсті, бұл соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Сонымен қатар, жаңа салынған тұрғын үйлердегі өсім 0,4 пайыз болған.
Ең жоғары өсім болған Нұр-Сұлтандағы қайталама жылжымайтын мүлік бағасы 10 пайызға жуықтаған. Мұнда орташа шаршы метр 590 мың теңге тұрады. Атырау мен Талдықорған да баға динамикасы бойынша тізімнің алдыңғы қатарда тұр. Алматыда пәтерлер шамамен үш пайызға қымбаттады.
Бірінші несие бюросының сарапшылары бұл 20 ақпандағы деректер дейді. Украинадағы оқиғалар мен доллар бағамының өсуі деректерге әлі енбеген.
Алматыда жаңбырдан соң көліктер батпаққа батып, жолдар опырылды
Тұрғындар жауын-шашын басталмай тұрып жолды ретке келтіруді сұраған, алайда орындалмаған
Толасыз жауған жаңбырдан соң Алматы көшелерін су басты: Тұрғындар арық жүйесін сынға алды
Тұрғындар: "Қалаға жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйесін қайтарыңыздаршы"