Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

Елімізде дәрі-дәрмек құны қымбаттады. Бұған Қазақстанға импортпен шетелден келетін фармацевтикалық препараттар бағасының екі есеге көтерілгені себеп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Биыл тамыздағы қорытындыға сай, дәрі-дәрмектің бағасы тағы қымбаттаған. Energyprom-ның зерттеу қорытындысына сай, дәрі-дәрмек айына 0,3 пайызға, ал жыл ішінде 3,3 пайызға қымбаттаған.

Аурудың түрі көбейген сайын дәрінің де түрлері еселеп артып жатыр. Көбіне Қытай, Ресей, Үндістан, Германия, Түркия елдерінен жеткізілуде.  

Әсіресе Маңғыстау, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында фармацевтикалық өнім 10 пайызға шарықтаған. Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында баға тұрақты.

Мәселен, іш ауруын емдейтін дәрінің 1600 теңгеге, бауыр ауруларына қарсы 2900 теңгеге, асқазан-ішек жолдары ауруларына қарсы 2700 теңгеге, мұрын және ауыз-қуысының ауруларын жазатын препарат 2000 теңгеге бір-ақ көтерілген.

Жарты жылда елімізге 615,8 миллион доллорға 12 мың тоннадан астам дәрі-дәрімек әкелінген.  

Талқылау