Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда білім грантын иеленген студенттер неліктен соңғы курстарда оқудан шығуда?

Қазақстанда білім грантын иеленген студенттер тегін білімді өтеуден құтылу үшін жаппай оқудан шығуда. Бұл туралы Қаржы орталының президенті Асқар Ыбырайымов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Қазақстанда білім грантын иеленген студенттер неліктен соңғы курстарда оқудан шығуда?

«Соңғы 6 жылда көптеген студент оқудың соңғы курстарында оқудан шығуда»,- дейді Ыбырайымов ЖОО басшыларымен өткен кеңесте. 

Оның сөзінше, студенттер мұндай қадамға алдағы уақытта қаржыны қайтармау үшін, грантты өтеуден қашу мақсатында баруда. 

«Жыл сайын шамамен 800 студент соңғы курстарда оқудан шығатын ЖОО-лар бар. Бұл заңдағы белгілі бір қайшылық. Дұрыс қадам жасау үшін, жұмыс істейтін боламыз. Бүгінде студенттер осы қайшылықты көріп, соңғы курстарда әдейі оқудан шығады немесе ақылы негізде білім алуға ауысады. Осылайша грантты өтеуден қашады», - дейді орталық президенті. 

Өз сөзінде Ыбырайымов алдағы уақытта мұндай мақсатта оқудан шығуға жол бермеу үшін, ЖОО басшыларының мәселені бақылауға алғанын қалайтынын айтты. 

Талқылау