Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда балалар жаппай Кавасаки синдромына шалдығуда": Денсаулық сақтау министрлігі хабарлама жайлы пікір білдірді

ҚР денсаулық сақтау министрлігі балалардың жаппай Кавасаки дертімен ауырып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы күндері қазақстандықтар әлеуметтік желіде коронавирустық инфекциямен ауырып шыққан балалардың Кавасаки синдромына шалдығып жатқаны туралы жазып жатыр.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі, қазір әлемнің көптеген елдерінде сонымен қоса Қазақстанда коронавирустық инфекцияның жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырған балалар арасында көп жүйелі қабыну синдромы тіркеліп жатқанын хабарлайды. Оны Кавасаки синдромы деп те атайды. Алайда, бұл аурумен КВИ жұқтырған балалардың барлығы ауырмайды. Тек арагідік жағдайлар тіркелуде.

"Балалар мен жасөспірімдер арасындағы COVID-19 індетімен уақытша ұқастығы бар көп жүйелі қабыну синдромының Кавасакиге байланысы бар. Алайда, негізгі емханалық симптомдарында айырмашылық бар. Кавасакимен көбіне кішкентай балалар ауырса, көп жүйелі қабыну синдромы жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасында кездеседі",- деп түсіндірді педиатрия және балалар хирургиясы ғылым орталығының жетекшісі Риза Боранбаева.

Оның айтуынша, КЖҚС- COVID-19 инфекциясынан кейін асқынатын кейінге қалған иммунологиялық құбылыс. Дегенмен, мұндай қабыну өзгерістері COVID-19 жұқтырған балалардың барлығына тән емес екенін ескертеді. Сондықтан, аурудың алдын алу үшін ертерек қаралып, қажет болған жағдайда медициналық көмек алып, дәрігердің кеңесіне жүгінсе иммундық реакцияны төмендетіп, дерттің дендеуіне жол берілмейді.

КЖҚС белгісі балалар арасында байқалатын негізгі симптомдар:

  • 24 сағат ішінде 38,5-тен жоғары дененің қызуы
  • Демалу органдары зақымдануы мүмкін – жөтел, тыны салу қиындауы;
  • Денеде бөрітпенің пайда болуы: әртүрлі дақтың белең алуы;
  • конъюнктивит болуы мүмкін, лимфа түйіндерінің өсуі, алақанның ісуі;
  • Ауырсыну белгілері – жүрек маңайында, артқы іш қуысында;
  • құсу, жүрек айнуы, диарея, жұтынғанда ауырсыну.

"COVID-19-ға ұқсастау КЖҚС-ға күмәндағанда жағдайда балалар көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылуы керек. Ол жерде толық диагностика жасалып және қажетті ем-дом қабылдайды", - деп атап өтті бас балалар дәрігері.

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда 13-ші наурыздан 19-шы тамызға дейін коронавирустық инфекциямен ауырған 0 жастан 18 жасқа дейінгі 2357 бала тіркелді. Солардың арасында көп жүйелі қабыну синдромына 14 бала шалдықты. Осылайша, ауыру көрсеткіші 0,6% құрады. Ауру анықталған аймақтардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 5 бала болса, соның үшеуі жазылып шықты. Қарағанды, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 2 жағдай тіркелді. Алматы, Түркістан, Атырау облыстарында 1 жағдайдан анықталды.

Барлық ауырған балар денсаулық сақтау министрлігі бас мамандарының және Республикалық орталық мамандарының жіті бақылауында. Оларды емдеуге арнайы төсек-орындар бөлінген және балаларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр