Қазақстанда бала күтіміне және жүктілікке байланысты төлемдер өседі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жүктілікке және босануға, жұмысынан айырылуына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтығылына байланысты жұмысынан айырылуына, бір жасқа дейінгі бала күтіміне және жүктілігі мен босануға байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз", – деді Дүйсенова үкімет кулуарында.
Министрлер кабинеті такси жүргізушілері мен курьерлерге арналған әлеуметтік пакет жобасын мақұлдады
Айтуынша, бұл декретте отырған әйелдерге жалақының көп бөлігін алуға мүмкіндік береді.
Әзірге төлемдердің қазіргі мөлшеріне қанша теңге қосылатыны белгісіз.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”