Қазақстанда айырбастау пунктерінде доллар бағамы 508 теңгеге жетті
Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағамы қайтадан өсті. Бірқатар қалаларда доллар 504 теңгеден асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
09:15-тегі жағдай бойынша сатып алу-сату бойынша долларының орташа бағамы:
- Астанада сатып алу – 498,98 теңге, сату – 504,00 теңге;
- Алматыда сатып алу – 500,98 теңге, сату – 503,75 теңге;
- Ақтауда сатып алу – 497,00 теңге, сату – 501,00 теңге;
- Ақтөбеде сатып алу – 500,50 теңге, сату – 505,50 теңге;
- Қостанайда сатып алу – 500,67 теңге, сату – 504,33 теңге;
- Павлодарда сатып алу – 500,50 теңге, сату – 504,00 теңге;
- Семейде сатып алу – 497,93 теңге, сату – 507,67 теңге;
- Шымкентте сатып алу – 501,65 теңге, сату – 503,77 теңге.
- Ең үлкен бағам Семейде тіркелді. Мұнда долларды сату бағамы 508 теңгеге жетті.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 қарашадағы ресми бағамы бір доллар үшін 498,55 теңге болды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады