Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгерді

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жастан 60,5 жасқа өсті. Бұл жайлы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңында жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зейнеткер

Заңның 11-бабында әйелдерге зейнетақының 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60,5 жаста тағайындалатыны көрсетілген. 

2018 жылдан бері Қазақстанда зейнетке шығу жасы өсіп келеді. Осылайша 2027 жылы зейнет жасы 63 жасқа жеткенге дейін жалғаспақ.



1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында радиациялық қауіпті аймақтарда 5 жылдан кем емес уақыт тұрған әйелдер 45 жастан бастап зейнетке шыға алады. 

Сонымен қатар бес және одан көп бала туған (асырап алған) әйелдер 53 жаста зейнетке шығуға құқылы. 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2022 жылы 2,3 миллионға жуық зейнеткердің зейнетақысы 7 пайызға, ал негізгі зейнетақы төлемдері 5 пайызға өспек. 

Заңда көрсетілгендей, елімізде ерлердің зейнетке шығу жасы 63 жас деп белгіленген. 

Талқылау
Пікір
Aigerim
15 Қаң, 22 жыл - 10:29

Қайырлы күн. Бұл не сұмдық? Медицина қызметкерлерін 58 жастан шығарылуы тиіс. Себебі шапшаң қимылдайтын жас мамандар жұмыс істеуі керек. Очкисіз көзі көрмиді, отырса тұралмайды, түнгі смен өте ауыр. Зейнетке шығу жасын қайта қаралсын. Әйтпесе мына дүрбелеңге Қазақстан әйелдеріде қосылмақ. 

Саним
04 Қаң, 22 жыл - 09:41

Құрметті жоғарыда отырғандар, шахтерлардың пенсия жасын қайта қарауларыңызды сұраймын?! Бұл сұрақты мен кімге қою керекпін? Кім шешеді? Жоғарыда басын ауыртатын адам бар ма екен? Халық алдында жұмыс істеп жүргеннен кейін, жауапкершілік деген нəрсе де болу керек қой. Басқа жанның жан айқайын сезу үшін, бір күн сол адамның яғни, бір күнге шахта астына түсіп, жұмысын жасамаса да көзімен көру. Жүрегінде иманы болса мен сұрап отырған 55 емес 45 тен қылар еді ғой пенсия жасын🤔

Молдир
04 Қаң, 22 жыл - 02:10

Бірде қоғамдық көлікте отыр едім жасы үлкен апай кірді. Арнайы киімнен "Алматы тазалықта" жұмыс жасайтынын ұқтым. Қасында отырған кісіге зейнетке 2жыл қалды, енді аз жұмыс істесем деп айтып отырды. Апайдың түрі қартайып кеткен, әрине көшеде жүріп жұмыс жасау оңай емес. Осындай аналарымызды да ойлау қажет деп ойлаймын! 

Молдир
04 Қаң, 22 жыл - 02:05

Таза, жағдайы жасалған, тұрақты жұмыс істеген әйел адамдар бұл жасқа жетіп зейнетке шығар жарайды. Ал тұрақты жұмысы жоқ, әрең нәпақа тауып жүрген аналарымыз қайтеді??  

Нургуль
03 Қаң, 22 жыл - 21:56

Жарайды әйелдер 60 - 60.5 - ке өсті делік. Ал жастарға жұмысты кім береді. Сол жағын қарастырды ма депутат мырзалар?

Микуся
03 Қаң, 22 жыл - 16:51

Жұмыс өтіліне байланысты қызметкерлерді зейнетке шығарса ғой. Мұғалімдер мен тәрбиешілерді кем дегенде 30 жыл жұмыс өтілімен шығарса екен деген үміттеміз. Заман өзгеріп, балалар да заманға сай өзгеруде, 63 жастағы педагог қалай заманға сай өзгереді екен, қажып , шаршап, қан қысымы тұрақсыз болған кезде, балаларға қандай білім бере алады екен?🤔

Dauren
03 Қаң, 22 жыл - 16:05

Анам 57 келет енди 1 жыл калды дегенде буларын не  60 жас ка жеткенде пенсия га шыгат дегендерин жогарыда отыргандар иштерин пысканда ойлап тапкандарын осыма 

Дидар
03 Қаң, 22 жыл - 13:22

Мен ойлаймын зейнетке ерте шығару керек деп, 

Осындай заманда ауруы асқынып халықтың қарны ашқынып жатқан заманда. 

Бейнеттің зейнетін ерте көрмесе үкіметке босқа жұмыс жасаған болып шығады. 

Заманнан көрер ештеңем жоқ адамның пиғылы өзгергенбе, жоғарыдағылар қара халықтың мұңын бір естіп көрсеңіздер! 

Айсулу
03 Қаң, 22 жыл - 09:37

Зейнетке 58 жастан шығарса болады орташа 

Айсулу
03 Қаң, 22 жыл - 09:34

Зейнет жасын қоспас бұрын сол өздері қара жұмыс істеп көрсін  63жасқа дейін жете алар ма екен столда отырып алып сайрамай.Қалай ойлайды екен әйел адамдар қартайған шағында қалай жұмыс жасап жүреді,ауылда тұратындардыда ойлау керекқо!

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр