Қазақстанда арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Қазақстанда арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. Кесте жұмыс көлемінің азаюына байланысты өзгерген. Заңдастыру мәселелері бойынша өтініштер саны айтарлықтай азайды деп мәлімдеді мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұдан былай шетелдік көліктерді заңдастырумен айналысатын aрнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.
- Қазақстандықтар Egov-та заң жобаларына қатысты ұсыныс енгізуге мүмкіндік алды
- Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мобильді қосымша жасалды
Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі бұрынғысынша қала береді - жұмыс күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
Айта кетейік, орталықтар 6 наурызға дейін жаңа режимде жұмыс істейді. Өзгерістер болса, қосымша хабарланады.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”