Қазақстанда алдағы күндері аяздың беті қайтады: Ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 8-10 желтоқсан күндері республиканың басым бөлігінде аяздың беті қайтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым аумағы суық антициклонның әсерінде болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз: шығыста, орталықта және оңтүстікте атмосефралық ағымдардың өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында оқта-текте қатты қар жауады.
Бірнеше өңірде біртіндеп аяздың беті қайтады:
батыста түнде -5-15°C дейін, күндіз 0-5°C дейін;
солтүстікте түнде -18-28°C дейін, күндіз 12-17°C дейін;
орталықта және шығыста түнде 22-30°C дейін, күндіз 13-20°C дейін;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 13-25°C дейін, күндіз 8-18°C дейін төмендейді.
Талқылау
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.