Қазақстанда алдағы күндері аяз болып, қар жауады
Қазақстанның солтүстігіндегі жаңбыр мен сулы қар жауады. Солтүстік Қазақстан облысында аяз, жауын-шашын мен қатты желге байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидрометтің» баспасөз қызметінің мәліметінше, синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда қар жауады деп болжайды.
25-26 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, соңы сулы қарға айналады . Сонымен қатар, 1-3 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.
25 қыркүйек күндіз қатты жел тұрады, түнде күшейіп, бағытын өзгертеді. Жел 25 м / с жылдамдыққа жетуі мүмкін.
26 қыркүйекте күшті жел жалғасады.
25-26 қыркүйекке қараған түні Петропавлда аяз болып, қатты жел соғады.
Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады