Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда “ақылды” бесік жаппай қызығушылық тудыруда

Елімізде құрастырылған “Смартбесік” бесігі қоғам тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болуда.

2e2b13adfbfa962a6e13e81ab0633589

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Автоматты режимде сәбиді тербететін бесік, әнді де өзі орындап, тіпті нәрестенің дәрет сындырғанынан да хабар бермек.

Құрастырушы Серікбол Шаймарданның сөзінше, қазірдің өзінде 500 бесік сатылып кеткен. Енді ол өз өнімін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға импорттауды көздеп отыр. Бесік құны 80 мың теңге. Бірақ, осы ақшаға татитындай қызмет көрсетеді.

Ата-аналар нәрестеге ыңғайлы тербету режимін өздері таңдап, USB-порт арқылы өз талғамдарындағы әнді де жүктеп қоя алады. Ал сәби дәретке жіберсе, онда судың шылдыры дыбысымен хабарлайды.

Сондай-ақ, бесікте температураны қадағалайтын құрылғы орнатылған. Ол бесіктегі ауа-райын реттеп тұрады. Құрастырушының сөзінше, бесік кәдімгі ағаштан жасалады.

Бірер күн бұрын ғана Шымкентте үй опырылып құлағанда бір жасар сәби ескі дәстүрмен жасалған бесіктің арқасында аман қалған еді.

Алан Исаев.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте мектеп бапкері балалармен бірге порноға түсіп келген

Петропавлда ауру балалардың арқасында табыс тапқан алаяқ ұсталды

“Хан-Шатырға” келушілер жартылай жалаңаш қыздарды көріп шошыды (фото)

Қазақстандық «Барби» қыздың жалаңаш суреттері желіде дау туғызды (фото, видео)

Талқылау