Қазақстанда 90 күн төленбеген несиесі бар борышкерге ешқандай кредит берілмеуі мүмкін
Енді 90 күн төленбеген несиесі бар борышкерге ешқандай кредит берілмеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігі тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, төленбеген несиені бірден коллекторлық агенттікке бермеу тетіктері қарастырылып жатыр. Екінші деңгейлі банктер немесе микроқаржылық ұйымдар мұндай кредиттерді коллекторларға бермес бұрын 18 ай ішінде несие талаптарын жеңілдетуге міндеттеледі.
“Сыйақы мөлшерлемесін төмендетіп, кредиттің мерзімін ұзартып, жақсарту жасаған соң ғана банктер, микроқаржылық ұйымдар сол коллекторларға сатуға мүмкіншілік беріледі”, – дейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Ғизатов.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"