Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы өседі
Қазақстанда 2025 жылы базалық зейнетақы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова индекстеуге сәйкес, келер жылы базалық зейнетақының шамамен 42 мыңнан 44 мыңға өседі деген болжамымен бөлісті.
“Бүгінде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен 42 мың теңге. Болжам бойынша, келесі жылдан бастап индекстеу 44 мыңға жуық болады. Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының орташа мөлшері бүгінде шамамен 152 мың, ең көбі 197 мың теңге болады. Индекстеуге сәйкес барлық көрсеткіш көтеріледі”, – деді Светлана Жақыпова.
Қазақстандағы орташа жалақы көлемі белгілі болды
Қазір алдағы екі жылға арналған мемлекеттік бюджеттің жоба сметасы талқыланып жатыр. Егер осы жоба бойынша бюджет бекітілсе, 2025 жылы ең төменгі жалақы 85 000 теңгені, мемлекеттік базалық ең төменгі төлем 32 360 теңгені, төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңгені, ал бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгені құрайды.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтің қазақстандық зейнетақы жинақтарын басқаруды шетелдік компанияларға беруді ұсынғаны туралы жазған едік.