Қазақстанда 2025 жылы екі ипотекалық бағдарлама іске қосылады
2024 жылдың соңында Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мемлекеттен сыйлықақы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
"Отбасы Банкі" 2025 жылдың басында "Ұмай" және "Жасыл ипотека" ипотекалық бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отыр", – деп хабарлады қаржы-несие ұйымының баспасөз қызметі.
Банк несиені тұрғын үйді сатып алуға да, жөндеуге де алуға болатынын атап өтті. Алушылардың жеке баспанасы бар-жоғына қарамайды.
Несиенің максималды сомасы 50 миллион теңге. Бастапқы жарна пәтер құнының 20%-нан басталады. "Ұмай" бағдарламасы бойынша өңірлерде тұрғын үй сатып алудың бастапқы жарнасы 15%.
Жыл соңында салымдарын жыл бойы толықтырған банк салымшыларына сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы да беріледі. 200 АЕК-тен аспайтын сомадан 20% бонус алынады, яғни биылғы жағдай бойынша 738 400 теңге.
Еске салайық, бұған дейін елімізде "Наурыз" және "Отау" ипотекалық бағдарламаларының шарттары өзгергенін жаздық. "Наурыз" және "Отау" ипотекалық бағдарламаларының қатысу шарттары өзгерді. “Отбасы банкі” жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қатысушыларды қосымша қабылдау жариялады. Қабылдау 16-25 қыркүйек аралығында өтеді.