Қазақстанда 2025 жылы марапаттар мен наградаларға миллиард теңге жұмсалды
Фото: Ақорда/istockphoto.com
Қазақстанда 2025 жылы марапаттар мен медальдарға мол 1 миллиард теңге қаражат бөлінді. Президенттің іс басқармасы монетарлық сарайға награда жасауға үш рет тапсырыс берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Protenge.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттің іс басқармасы наурызда бірінші тапсырысқа 391,8 миллион теңге төлеген. Сол кезде “Барыс” пен “Құрмет” ордендері, медальдар және көпбалалы аналарға арналған медальдар мен ілгектер сатып алынды.


Фото: Protenge.kz
Қыркүйекте екінші рет тапсырыс жасап, оған 407,4 миллион теңге төленді. Тағы да ордендер, медальдар және ілгектер сатып алды.
- Тоқаев жас ақын-жазушыларды марапаттады
- Тоқаев Пашинянды "Алтын Қыран" орденімен марапаттады: Қазақстан мен Армения бірқатар маңызды құжатқа қол қойды
Қарашадағы тапсырыстың құны 62,4 миллион теңге болды. Бұл жолы екі алтын бүркіт “Алтын Қыран” орденіне тапсырыс берілген. Олардың әрқайсысы 5,7 миллион теңге тұрады. Мұндай марапаттар кейде басқа мемлекеттердің басшыларына беріледі.
Фото: Protenge.kz
Айта кетейік, кейінгі үш жылда Президенттің іс басқармасындағы марапаттарға шығын көлемі артқан.
Бұған дейін желіде төсбелгілердің 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарағаны туралы жазған едік.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады