Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылы ең көп сатылған автокөліктер белгілі болды

автокөлік pexelsФото: pexels.com

Қазақстан автомобиль одағы 2025 жылы елде ең көп сатылған автокөлік брендтері мен модельдерінің ТОП-10 тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Одақ басшысы Анар Мақашеваның айтуынша, 2025 жылы Қазақстанда 234,9 мың автокөлік сатылған. Оның болжамынша, 2026 жылы бұл көрсеткіш 247 мыңға дейін өсіп, шамамен 5 пайызға артуы мүмкін.

2025 жылы Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік брендтерінің ТОП-10:

  • Hyundai – 50 868
  • Chevrolet – 38 880
  • Kia – 23 402
  • Chery – 14 570
  • Jetour – 14 507
  • Haval – 11 688
  • Toyota – 11 338
  • Changan – 11 260
  • JAC – 10 330
  • Geely – 9 621.

Аталған брендтердің 10-ының 8-і Қазақстанда құрастырылады.

2025 жылы Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік модельдерінің ТОП-10:

  • Chevrolet Cobalt – 31 802
  • Hyundai Tucson – 20 697
  • Kia Sportage – 10 988
  • Hyundai Mufasa – 8 203
  • Hyundai Elantra – 7 867
  • Hyundai Santa Fe – 5 764
  • Chevrolet Onix – 5 732
  • Changan CS55 Plus – 5 558
  • Chery Tiggo 2 – 5 278
  • JAC S3 Pro  – 5 127.

Барлық аталған модель Қазақстан аумағында өндірілген. Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылы автокөлік өндірісі 200 мыңнан асуы мүмкін екені хабарланған еді.



Еске салайық, бұған дейін атышулы 1Win онлайн-казиносы ісіне қатысы бар тұлғалардан тәркіленген люкс санатындағы Lamborghini Huracan көлігі мемлекеттік саудаға шығарылды. Көліктің бастапқы бағасы 343 миллион теңгеден асады. 

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 14:38